Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

АТЫРАУЛЫҚ СПОРТШЫ МУАЙ-ТАЙДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Атыраулық үш спортшы туған жерге жеңіспен оралды. Олар 30-мамыр мен 9-маусым арасында Грекия мемлекетінің Патра қаласында ерлер мен әйелдер арасында муай-тайдан өткен әлем чемпионатына қатысып, 1 алтын, 1 қола медальға ие болды. Облыстың емес, еліміздің абыройын асырған Әбіл Галиев 63,5 келі салмақта әлем біріншілігінің жеңімпазы атанды. Жерлесіміз Украина, Франция және Вьетнам спортшыларынан басым түсіп, жеңіске жеткен. Жалпы жекпе-жек 17 мен 40 жас аралығындағы қыз-жігіттер арасында өтіп, оған 93 мемлекеттен 560 спортшы қатысыпты.

ТОЛЫҒЫРАҚ БЕЙНЕМАТЕРИАЛДА

Оқи отырыңыз...

УНИВЕРСИТЕТ ПЕН ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯ БАСШЫЛАРЫ МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

РЕСЕЙЛІК МИГРАНТТАР МӘСЕЛЕСІ БАҚЫЛАУДА ТҰР

АТЫРАУЛЫҚ 50 ӘЙЕЛ ЗАМАНАУИ КӨШБАСШЫЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН МЕҢГЕРУДЕ