Басты ақпаратЖаңалықтар

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА АВТОГАЗ БАҒАСЫ 5 ТЕҢГЕГЕ ҚЫМБАТТАУЫ МҮМКІН

1-шілдеден бастап Атырау облысында сұйытылған мұнай газының бағасы 5 теңгеге өсуі мүмкін. Нақтырақ айтсақ, қалада оның құны 59 теңге, ал шалғай аудандарда 64 теңгеге көтерілуі ықтимал. Энергетика министрлігі Ашық НҚА порталында бұйрық жобасын жариялады. Қазір ол талқылану үстінде. Министрлік мұндай қадамға баруымызға бірнеше себеп бар деп отыр. Біріншіден, автогаз бағасы оны өндірудің өзіндік құнынан әлдеқайда төмен, екіншіден ішкі нарықтағы сұраныс та артып барады. Атырау облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, аймақта 18 мыңға жуық автокөлік сұйытылған мұнай газымен жүреді. Атырау өңіріне ай сайын шамамен 6000-7500 тонна автогаз бөлініп отыр. Сонымен қатар, қосымша 1000-2 500 тонна тағы беріледі. Дегенмен атыраулықтарға бұл да жетпей тұр. Сарапшылар «2024-жылы ішкі нарықта автогазды тұтыну көлемі тағы 200 мың тоннаға артып, 2,4 млн тоннаға жеткелі тұр. Бұл жағдайда газ тапшылығы 30-40% шамасында болуы мүмкін»,- дейді.

Толығырақ бейнематериалда

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *