Маңғыстау облысында жер қойнауын пайдаланатын 208 компания бар. Оның ішінде кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін компания саны 152 болса, мұнай компаниясы – 56. Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай мұнай компаниялары әлеуметтік міндеттемесінен бөлек демеушілік көмекке көңіл бөлу керектігін баса айтты. Яғни шетелдік үлесі бар мекемелер өзінің табысын аз да болса халықпен бөлісуі тиіс. Жалпы Маңғыстауда екі мұнай компаниясымен ғана өнімді бөлу туралы келісім бар. Мәселен, NСОС компаниясының әлеуметтік міндеттемесінің жылдық көлемі – 25 млн доллар. Олар облыс бойынша әлеуметтік маңызды нысандар салады. Соңғы 3 жылда 5 нысан тапсырды. Ал «Дунга» мекемесінің әлеуметтік міндеттемесінің жылдық көлемі – 1 млн доллар. Компанияның әлеуметтік міндеті — құрал-жабдықтарды сатып алу және жеткізу. Соңғы 3 жылда 5 денсаулық сақтау ұйымына 30 аппарат алып берді. Сондай-ақ, 24 компания келісім-шарт бойынша өндірістің бір пайызы мөлшеріндегі қаражатты бюджетке аударады. Жалпы компаниялардан міндеттеме бойынша жергілікті бюджетке түсетін аударым арнайы мақсатқа бағытталмайды және жыл сайын бюджетті бекіту барысында шығыстың көлеміне қарай жоспарланады.
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0