Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

АТЫРАУДА ЖАЙЫҚ ДЕҢГЕЙІ БІРНЕШЕ КҮННЕН БЕРІ НЕ КӨТЕРІЛМЕЙ, НЕ ТҮСПЕЙ ТҰР

 Махамбет ауылының тұсында Жайық өзенінің деңгейі бірнеше күннен бері түсіп келеді. Бүгін 2 см-ге төмендеп, су деңгейі 10 м 14 см болды. Дәл осындай ахуал Индербор кентінде де байқалады, мұнда 6 см-ге төмендеп, 948 см-ді көрсетіп тұр.

Ал Атырау қаласының тұсында Жайық деңгейі үш тәуліктен бері 6 метр болып тұр.  Сондай-ақ, Жаңаталап пен Еркінқала ауылының маңында да  су деңгейі не көтерілген жоқ, не түскен жоқ. Ал, Қиғаш-Шортанбай және Қиғаш-Бөкейхан бекетінде су деңгейі алты күннен бері өзгеріссіз. 31-мамыр күні Иреклі су қоймасынан секундына 90 текше метр су жіберіліп жатыр.

Оқи отырыңыз...

ТАСҚЫННАН ЗАРДАП ШЕККЕН ҚЫЗЫЛҚОҒА ХАЛҚЫНЫҢ ШЫҒЫНЫ ТОЛЫҚ ӨТЕЛДІ

ТАТАРСТАНҒА ЖАСАЛҒАН ДРОН ШАБУЫЛЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МӨЗ ЖҰМЫСЫНА ӘСЕР ЕТУІ МҮМКІН

Акимат Атырау приглашает бизнесменов принять участие в выставке