Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

“Атырау–Орал» республикалық маңызы бар тас жолының 67-68 шақырымында жол үстімен өр суы өткізіліп жатыр

Қазіргі уақытта «Атырау–Орал» республикалық маңызы бар тас жолының 67-68 шақырымында “Махамбет” шәйханасының тұсында өр суының көп мөлшерде жиналуына байланысты арнайы техникалармен тас жол бойындағы жасақталған бөгет ашылды. Ауыл тұсына жиналған өр суы жолдың екінші беті, яғни батыс жақ бетіне жіберілуде.
Тас жолы бойына 6 дана арнайы техника жұмылдырылды.
Жайық өзені жағалауынан Атырау-Орал тас жолының ара қашықтығы шамамен 6-7 шақырымды құрайды.
Жағдай тұрақты, ауылдық елді-мекендерге қауіп жоқ.
Қазіргі уақытта Махамбет ауданында су деңгейі 1020 см (шекті деңгей 850 см).

Оқи отырыңыз...

АҚТАУЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР ЖҮКТІ ӘЙЕЛДІҢ ЖҮРЕГІНЕ КҮРДЕЛІ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАДЫ

ТРАМП ОРМУЗ БҰҒАЗЫНЫҢ КЕМЕ ҚАТЫНАСЫ ҮШІН ҚАЙТА АШЫЛҒАНЫН МӘЛІМДЕДІ

В КОМПАНИИ «EDYGE DECOR» РАЗРАБАТЫВАЮТ ДОСТУПНЫЕ АНАЛОГИ ДОРОГИМ ИМПОРТНЫМ СТРОЙМАТЕРИАЛАМ