Басты ақпаратЖаңалықтар

МАМЫРДАҒЫ КҮН РАЙЫ НЕМЕСЕ «ҚҰРАЛАЙДЫҢ САЛҚЫНЫ»

 

Атырау облысының аумағында күн райы мамырдың соңына дейін құбылмалы болғалы тұр. Оған 23-24 мамырда еліміздің шығысы мен батысында болатын циклон ықпал етеді, — дейді жергілікті синоптиктер. Осы күндері Атырау өңірінде күн күркіреп, жаңбыр жаууы мүмкін. Ал 24-26-мамырда екпіні секундына 15-20 метрге дейін жететін жел соғады.

Күндіз температура 18-27, ал түнде 7-15 градус аралығында жылы болмақ. Ал халық күн райының осы уақыттарда бұлайша құбылуын «Құралайдың салқынымен» байланыстырады. Мамыр айының екінші жартысынан басталып, он шақты күнге созылатын суық мезгіл киіктердің төлдеп, құралайдың өретін кезімен сәйкес келеді. Үлкендердің айтуына қарағанда қарсы соққан жел лақтың тынысының ашылып, тез аяқтануына ықпал ететін көрінеді.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
1
Not Sure
0
Silly
1

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *