Басты ақпаратЖаңалықтар

Атыраулықтардың 70 пайызы маусымдық аллергиямен ауырады

 

адыКөктем келісімен көбіміз қайта-қайта түшкіріп, көзіміз жасаурап жүретіні белгілі. Яғни аллергиямен ауыра бастаймыз. Бұған көп жағдайда өсімдіктер себепкер болып жатады. Мамандардың айтуынша біздің өңірде  аллергияны қоздыратын бірқатар өсімдік бар. Ол жусан, ойраншөп, ебелек, мортық, алабота.

 Маусымдық аллергия — бұл өсімдіктердің гүлденуіне және тозаңдануына организмнің реакциясы. Халық арасында оны шөп безгегі деп те атайды. Бірінші кезеңі наурыз бен мамыр айында ағаштар гүлдегенде, екіншісі маусым мен шілде айының аралығында көкорай шалғынға, ал тамыз бен қыркүйекте арамшөп атаулы тозаңданған кезде аллергия күшейеді.

Аллерголог Гаухар Сембаеваның  сөзінше, аллергиктер саны жыл өткен сайын көбейіп барады. Ал оны емдеуді тек ауырып, өзіңді жайсыз сезінген кезде емес, әлдеқайда ертерек, қыста бастаған дұрыс көрінеді.

  Маман өз бетінше ем-дом жасаудың мұрын қуысын бітеп, ауруды өршітіп жіберетінін айтады. Сондықтан дәрігерге қаралған дұрыс. Ал былайғы уақытта сырттан келгенде киімді міндетті түрде ауыстырып, ауыз бен мұрын қуысын шаю керек. Гаухар Сембаеваның сөзінше Атырауда 2000-нан астам адам «бронх демікпесі» деген диагнозбен есепте тұр. Соның 70 пайызының маусымдық аллерлергиясы бар көрінеді.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *