Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

МАҢҒЫСТАУДА БРАКОНЬЕРЛЕРГЕ 6 МЛН.ТГ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

 

Маңғыстаулық және атыраулық шекарашылар Каспий теңізінде рейд жүргізіп, шекара тәртібін бұзған 52, аумақтық және ішкі суларда жүріп-тұру ережесіне мойынұсынбаған 77 адамды ұстады. Олардан 54 жүзу құралы, жалпы ұзындығы 245 шақырым болатын ау-тор тәркіленді. Нәтижесінде заң бұзғандарға қатысты әкімшілік іс қозғалып, 6 миллион теңге айыппұл салынды.

Браконьерлерден алынған 63 итбалық пен 1226 бекіре тұқымдас балық табиғи ортасына жіберілді. Олардың жалпы салмағы 6 тонна шамасында. Мемлекетке келген шығын 2, 3 миллиард теңгеден асады.

Оқи отырыңыз...

ҚАНДЫАҒАШТАҒЫ ЖАППАЙ УЛАНУДАН КЕЙІН ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛЫП, ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР САНЫ 113-КЕ ЖЕТТІ

Елімізде орташа зейнетақы қаншаға өсті

БИЫЛ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА 871 МЛН.ТГ ҚАЗЫНА ҚАРЖЫСЫ ТАЛАН-ТАРАЖҒА ТҮСКЕН