Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

ЖАЛҒАНСАЙ МЕКТЕБІНДЕГІ ЭВАКОПУНКТ 100 АДАМ ҚАБЫЛДАЙ АЛАДЫ

Жалғансай ауылындағы мектеп жанындағы эвакопункт 100 адамға дейін қабылдай алады.   Орта мектепте әйелдерге, балаларға және қарттарға арналған орындар дайындалды, — деп хабарлайды Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб.

Жалғансай ауылдық мектебі директорының міндетін атқарушы Үздік Жиенғалиеваның айтуынша,  эвакопунктте қажетті заттар, су және жеке гигиена құралдарының қоры дайындалды. Сондай-ақ, мектептің медициналық пункті бар, онда қажетті дәрі-дәрмектер де жиналған.

Еске сала кетейік, Махамбет ауданында тұрғындарды эвакуациялау үшін 22 пункт дайын тұр.  Ауданға қарасты 21 елдімекеннің  18-і Жайық өзенінің жағалауында орналасқан.

Оқи отырыңыз...

МАХАМБЕТТЕ КІШІ АЯҚ ДОПТАН АУДАН ӘКІМІНІҢ КУБОГІ САРАПҚА САЛЫНДЫ

ЖЫЛЫОЙДА ЕКІ МЫҢҒА ЖУЫҚ ӘЙЕЛ АЛИМЕНТ АЛУ ҮШІН ӨТІНІШ БЕРГЕН