Биыл Маңғыстау облысында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнін өткізу тәртібі өзгерді. Еліміздің кей өңірлерінде болған су тасқынын ескере отырып, барлық мерекелік іс-шара қоғамдық маңызы бар және әлеуметтік пайдалы бастамаларды іске асыру қажеттілігіне ерекше назар аудара отыра қарапайым форматта өткізілмек. Атап айтқанда, білім беру ұйымдарында ел бірлігі туралы ашық сабақ, тақырыптық іс-шара, сондай-ақ қайырымдылық керуенін өткізу жоспарлануда. Ал «Таза Қазақстан» акциясы аясында өңірде сенбілік, саябақтар мен гүлзарларды, тұрғын үй аумақтарын және т.б. тазалау мен көгалдандыру жұмысы жалғасады.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0