Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

АҚТАУДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА 325 АҒАШ ЕГІЛДІ

Ақтауда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 325 ағаш егілді. Науқанның бірінші аптасында қала ішінде сенбілік ұйымдастырылып, көшелер тазаланып, жаңадан салынған шағын аудандарға 300-ден аса тал-терек отырғызылды. Маңғыстаудың желі мен аптап ыстығына шыдамды айлант және қылқан жапырақты туяның көшеттері таңдалыпты. Жасыл-желек тамшылату әдісімен суарылады. Жалпы, жыл басынан бері Ақтау қаласының аумағына мыңға жуық ағаш пен он мың дана бұта егілген. Оған коммуналдық сала қызметкерлерінен бөлек тұрғындар да атсалысыпты. «Таза Қазақстан» акциясы аясында тарихи-мәдени ескерткіштер мен теңіз жағалауы да абаттандырылмақ. Бұл жұмысқа шаһар әкімінен бастап тұрғындар түгел атсалыспақ.

Оқи отырыңыз...

ЕУРООДАҚ ЖАҢАДАН ҚОСЫЛАТЫН ЕЛДЕРДІ ВЕТО ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРМАҚ: БРЮССЕЛЬ ҚАТАҢ ШЕКТЕУЛЕР ЕНГІЗУДІ ЖОСПАРЛАУДА

АТЫРАУЛЫҚ СПОРТШЫЛАР ДЖИУ-ДЖИТСУДАН ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН ИЕЛЕНДІ

Спокойно, это учения: почему в Атырау звучал сигнал тревоги