Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

ӨРТТІҢ АЛДЫН АЛЫҢЫЗ

Жылыту маусымының басталуына байланысты атыраулық құтқарушылар үйді-үйді аралап, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіруге кірісті. Себебі, көп жағдайда өрттің болуына тұрғындардың қарапайым ережелерді сақтамауы себеп болады екен. Мысалы, биылғы жылдың басынан бері тіркелген 243 өрт оқиғасының көпшілігі жеке тұрғын үй секторында болыпты. Одан өзге 64 автокөліктің жанып кету дерегі де тіркелген. Жалпы, тілсіз жаудан облыста 12 адам қаза тауып, 10-ға жуығы түрлі жарақат алған. Келген шығын көлемі де аз емес: 24 миллион теңге.

Рашид БІЛӘЛОВ, Атырау облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

-15 қыркүйектен бастап, рейдтік айлықтар өткізіліп жатыр. Үгіт-насихат, түсіндірме жұмыстары ретінде. Соған бүгінгі таңда авангард ықшам ауданында рейд жұмысын жүргізейін деп отырмыз. Авангард ықшам ауданынан бастаған себебіміз, осы соңғы айда ол жақтан 5 өрт тіркеліп отыр. Осы шараны алдағы жылыту маусым кездінде жалғастыратын боламыз.

Оқи отырыңыз...

АТЫРАУДА СУ БАСУ ҚАУПІ БАР 51 ЕЛДІ МЕКЕНГЕ ГИДРОБЕКЕТТЕР ОРНАТЫЛАДЫ

АТЫРАУДА ЗАҢСЫЗ ЖЕР БӨЛГЕН БӨЛІМ БАСШЫСЫ МЕН КӘСІПКЕРМЕН БЕЙРЕСМИ КЕЗДЕСКЕН БАС ЭКОЛОГТЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ЖАЗАЛАНДЫ

KPI INC. ЖШС ЖӘНЕ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ