Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

ЖАЙЫҚТЫҢ ДЕҢГЕЙІ БІР ТӘУЛІКТЕ ЖАРТЫ МЕТРГЕ КӨТЕРІЛДІ

2-мамырда Жайық өзенінің деңгейі Индербор  кентінің тұсында 32 см-ге көтеріліп, 750 см-ге жетті. Қауіпті деңгей 845 см.

Махамбет ауылы маңында  Жайық өзенінің деңгейі бір тәулікте 16 см-ге көтеріліп, су деңгейі 795 см-ді көрсетіп тұр.  Қауіпті деңгей 850 см.

Атырау қаласында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулік ішінде 8 см-ге көтеріліп, қазір 459 см боп тұр, қауіпті деңгей 550 см. Қиғаш-Шортанбай бекетіндегі су деңгейі тәулік ішінде 5 см-ге көтеріліп, қазір мұндағы су деңгейі 359 смге жетті. Қауіпті деңгей 5 метр.

Жем өзенінің деңгейі бір күн ішінде  1 см-ге төмендеп, 145 см-ді көрсетті. Орал қаласының тұсында Жайық деңгейі 2-мамыр  күні 7, Көшімде 6 см түссе, Тайпақта 51 см-ге көтерілді.

2-мамыр күні Иреклі суқоймасынан секундына 141 текше метр су жіберіліп жатыр.

 

Оқи отырыңыз...

«ОҢТҮСТІК ҚАРАТҰРЫН» КЕН ОРНЫНДАҒЫ ӨРТ ӘЛІ СӨНДІРІЛГЕН ЖОҚ

САЙЛАУ КЕЗІНДЕ ПАРТИЯНЫ ТЕГІН ҚОЛДАҒАН БЛОГЕРЛЕРГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНУЫ МҮМКІН

АТЫРАУДА ЖОЛ-КӨЛІК САЛАСЫ БОЙЫНША 32 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР