Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында тұрғын үйдегі газ балоны жарылып, бір адам көз жұмды.
Оқиға жұрт шырт ұйқыда жатқанда, түнгі сағат үш шамасында болған. Құтқарушылар күл талқаны шыққан бес бөлмелі үй үйіндісінің астынан 42 жастағы келіншектің денесін тапты. Жедел-жәрдем қызметкерлері оған алғашқы көмек көрсеткенімен, аман алып қалу мүмкін болмады.
Қазір апаттың себебі анықталуда. Алдын-ала болжам бойынша үйдегі қолдан жасалған жылу қазандығынан газ тараған болуы мүмкін. Құтқарушылар осыған дейін үй иесіне жабдықты алып тастау туралы ескерту берген екен.
Маңғыстау облыстық ТЖД аса маңызды істер жөніндегі аға анықтаушысы
— Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Маңғыстау облыстық төтенше жағдай департаменті Бейнеу аудандық төтенше жағдай бөлімімен ҚР қылмыстық кодексінің 292-бабы, 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша тиісті сот-сараптама тағайындалуда. Табиғи газдың ағуы нәтижесінде газ ауа қоспасының жарылуынан деген болжамды себебіміз бар.