ҚР Қаржы министрі Мәди Тәкиев үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның мемлекеттік қарызының сомасын атады.
«Жалпы ішкі өнімге шаққанда ол 22,8 пайызды құрайды. Бізде белгіленген 33% лимит бар. Ол шектеу қауіпсіз болып саналады», — деп қосты министр.
2022 жылы Қазақстанның мемлекеттік қарызы 15,2%-ға өсіп, 25,3 трлн теңгеге жетті (54,7 млрд доллар) .
Jusan Analytics сарапшыларының мәліметінше, 2023 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша мемлекеттік қарыз 29,16 триллион теңгені құраған.
2023 жылдың желтоқсанында Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Қазақстанның мемлекеттік қарызының көлемі жалпы бюджеттің 40 пайызын құрайтынын түсіндірді. Ол бұл жағдайға алаңдаушылық білдірді.
Сіздің қанша теңге қарызыңыз бар? 👇🏻🫣
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0