Жаңалықтар

БИЫЛ ӘКІМДІК 429 МЛН. ТЕҢГЕНІ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ РЕТІНДЕ БЕРМЕК

Биыл Атырау облысында 291 адам 400 айлық есептік көрсеткіш немесе 1 миллион 476 мың теңгеге дейін қайтарымсыз қаражат берілмек. Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасындағылардың айтуынша, қаржылай қолдауға жұмыссыздардың және жеке кәсіпкер ретінде тіркелгеніне 3 жыл толмаған азаматтар ие болады. Олар әлеуметтік осал топқа, нақтырақ айтқанда атаулы көмек алатын, көп балалы, ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасы, асыраушысынан айырылған, әлеуметтік төлем алатын, қандас, мүмкіндігі шектеулі санатына жатуы тиіс. Биыл грант алғысы келетіндер «Бастау бизнес» курсынан өтуі қажет. Немесе осы курстан өткенін растайтын сертификатты алғанына 3 жыл толмауы тиіс. Бұл міндетті талап. Өтініш «Business.enbek.kz» порталы арқылы арқылы қабылданады.
Өтініштерді қабылдау 1-сәуірде басталады деп жоспарланып отыр. Былтыр 268 адам грантқа ие болды. Бұл үшін қазынадан 370 миллион теңгеге жуық қаржы қарастырылған еді.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *