Басты ақпаратЖаңалықтар

«АМӨЗ» ЖШС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЭКС-БАСШЫ Ғ.ЖУСАНБАЕВТЫҢ ЗАУЫТ ТУРАЛЫ АЙТҚАНЫН ЖОҚҚА ШЫҒАРДЫ

 

Атырау мұнай өңдеу зауытының қызметкерлері экс-басшы Ғалымжан Жусанбаевтың ҚР Президенті Қасымжомарт Тоқаевқа жолдаған үндеуіндегі зауытқа қатысты айтқан мәліметтерді  жоққа шығарды.

Жергілікті БАҚ-ның бірі биыл 15 ақпан күні компрессорлардың сапасыз жөнделуі себепті технологиялық қондырғылардың бірінің өзідігінен тоқтағанын жазған болатын. Зауыт директорының техникалық қызмет көрсету және құрылғыларды жөндеу бойынша орынбасары Әнуар Серікбаев қондырғының тоқтағанын және оның былтыр құжаттарға сай қазан айында жөнделгенін растады.

Сондай-ақ, зауыт өкілдері өнеркәсіптен шыққан сарқынды сулармен бірге мұнай өнімдерін өндірістік канализацияға жіберуге қатысты да пікір білдірді. Зауыттан шыққан сарқынды су механикалық және биологиялық тазарту қондырғыларына жіберіледі. Одан шыққан мұнай қалдықтары қайтадан өңделсе, тазартылған су өндірісте қайта қолданылады. Зауыт өкілдері өндірістегі шығындар мен жанулар бойынша жинақталған материалдық баланс бойынша да пікір білдірді.

17 қаңтар күні зауыт аймағын тексеру кезінде 4800 тонна түйіршіктелген күкірттің заңсыз сақталғандығы анықталды. Кей құжаттарда Жусанбаев айтқандай зиянды зат ашық аспан астында сақталды делінген. Зауыттың өндіріс басқармасының директоры Қанат Раукен «Каспиан ньюс» телеарнасына түйіршіктелген күкірттің арнайы қаптамада сақталатынын көрсетті. Ол өнімнің күн көзі түспейтін және су тимейтін жерде сақталатындығын айтты. Ал, коксты шамадан тыс асырып сақтауға келер болсақ, зауыт өкілі оны тиеп, жөнелтуге қатысты мәселе бар екенін жеткізді. Бірақ Атырау мұнай өңдеу зауытының өндіріс аумағында кокс сақтауға рұксат беретін экологиялық құжаттары бар. Қазіргі таңда мәселе шешілген. Соңғы айда зауыт аумағындағы кокс мөлшері 1000 тоннаға дейін азайған.

 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *