Басты ақпаратЖаңалықтар

АТЫРАУДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ ШЫҒАРЫЛДЫ

 

Қаладағы №13 Дүйсенғали Байбосынов атындағы ұлттық мектеп-гимназияның оқушылары қаупсіз жерге шығарылды. Олар ғимараттағы дабыл қосылған сәтте-ақ, сөмкелерін басына қойып, сыртқа шықты. Ал пән мұғалімдері балалардан көз жазбауға тырысты.

Бұл жыл сайын жоспарлы түрде өткізіліп тұратын  жалпықалалық сейсмикалық жаттығудың сценариі. Мұндағы басты мақсат — мектеп оқушыларын төтенше жағдай кезінде тосылып қалмай, дұрыс іс әрекет жасауға үйрету.

 Абдолла ТӨЛЕГЕН, оқушы

— Өйткені жер сілкініс болғанда ол өз басымызды қорғауға көмектеседі. Яғни сумканы басына қойсаң ғимараттың бөлшектері сенің басына түспейді. Бізге деген құтқарушы ағайлар үйретті.

Махмуд ХАЙРОВ, Атырау қалалық ТЖБ инженеріМұндай жағдайда не істеу керектігін айтар болсақ:  Төменгі қабаттағылар сыртқа шығуға әрекет етуі тиіс. Ұстаздар болса, балаларды арнайы белгіленген орынға жинап, олардың нысаннан шыққанына көз жеткізеді. Ал жоғары қабатта қалғандар барынша қауіпсіз жерге, яғни негізгі қабырғалардың бұрышына тығылуына болады. Бастысы құлайын деп тұрған жерден аулақ болу керек.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *