Басты ақпаратЖаңалықтар

«АМӨЗ»-дегі ЖАНЖАЛ: БАСШЫНЫҢ ЖҰМЫС ОРНЫНДА ІШІМДІК ІШІП, ЕСІРТКЕ ТҰТЫНАТЫНЫ РАС ПА?

«Атырау мұнай өңдеу зауытындағы» шудан кейін «Қазмұнайгаз» басшылығы арнайы комиссия құрып, мән-жайды анықтауға кірісті. Олар тек өндірістік емес, нысандағы қаржы және құқықтық қызмет жағын да тексермек.

Астанадағылардың аяқ астынан алашапқын болуына зауыт директорының орынбасары Әділет Шошаңбасовтың мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа, сондай-ақ Энергетика министрі мен «ҚазМұнайГаз» АҚ басшысына жазған үндеу хаты себеп болды.

Онда ЖШС басшысы Ғалымжан Жусанбаевтың өндірістен хабары жоқ екендігі, тағайындалғалы бері 15 кеңесшіні жоғары жалақымен жұмысқа алып, компания саясатына кереғар әрекет еткендігі, сонымен бірге қызметкерлерге бейәдеп сөздерді  жиі айтатындығы, жұмыс орнында ішімдік ішіп, есірткі тұтынатындығы жазылған.

Шошаңбасовтың сөзіне сенсек, 15 ақпан күні компрессорлардың бірі тоқтап қалған, сол кезде мекеме директоры өндіріс қауіпсіздігін басшылыққа алмай, өз қызметін асыра пайдаланып, әрекет еткен. Алайда, зауыт басшысы Жусанбаев мұның барлығын жоққа шығарып, президентке бейнеүндеу жолдады.

 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *