Басты ақпаратЖаңалықтар

Атырауда балабақшада арақ ішкен әйелдердің видеосы тарады

Әлеуметтік желіде Атыраудағы балабақшада арақ ішкен әйелдердің видеосы тарады.

Бейнероликте әйелдердің бір-бірімен рюмка түйістіріп, арақ ішіп отырғандары анық көрінеді. Оқиға 14 ақпан күні №2 «Ақсұңқар» бөбекжай-бақшасында тіркелген. Атырау қаласы маңындағы Көкарна ауылындағы балабақшада орын алған жағдайға байланысты қалалық білім бөлімі тексеріс жүргізіп жатыр.

«Ақсұңқар» бөбекжай-бақшасының әкімшілігі видеодағы әйел адамдар балабақшаның ас үйіндегі техникалық қызметкерлері екені атап өтті. Орын алған жағдайға байланысты тиісті түсініктемелері алынып жатыр. Әкімшілік теріс әрекет көрсеткен әйел адамдар педагогтар емес екендігін жеткізді.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *