Басты ақпаратЖаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІККЕ МІНЕТІН АТЫРАУЛЫҚТАРДЫҢ 50 ПАЙЫЗЫ ЖОЛАҚЫ ТӨЛЕМЕЙДІ

 

Атырау қаласының аумағында қатынайтын қоғамдық көліктерге қатысты тұрғындар тарапынан арыз-шағым көбейген. Қаңтарда “109” бірыңғай байланыс орталығына түскен қоңырау саны 275ке жетсе, осы айдың 15 күнінде бұл көрсеткіш400-ге жуықтаған. Тұрғындардың көбі автобустардың жүру интервалының сақталмайтынын айтса, енді бірі жүргізушілердің дөрекелігіне шағымданыпты.

Қала ішінде жүретін №12,14 сынды бірнеше маршруттың жүру интервалына қатысты шағым жоқтың қасы. Алайда, қалаға қарасты ауылдық округтерде тұратындар таңертеңгілік орталыққа, кешкілік үйлеріне жете алмай қиналады. Ал қара суықта такси қызметінің құны арта түсетіні айтпаса да түсінікті. Жалпы қала аумағында 31 бағыт бойынша 249 автобус халыққа қызмет көрсетуі тиіс.

«Смарт Атырау» мекемесінің басшысы Арслан Ароновтың айтуынша, күн сайын жолаушылар тасымалы қызметіне ондаған автобус шықпай қалады. Кейде олардың саны 30-40 қа жетеді екен. Оған автопаркте  сақадай сай тұрған автобустардың руліне отыратын жүргізушілердің жоқтығы, қосалқы бөлшек күтіп немесе жол көлік оқиғасына ұшырап, сақтандыру компаниясының шешіміне байланысты қаңтарылып тұрған автобустар себеп.

Тағы бір мәселе – жолақысын төлегісі келмейтін жолаушылар. «Смарт Атырау» мекемесіндегілердің сөзінше, балаларының төлем картасын пайдаланатын ата-аналар, стандарттың орнына жеңілдетілген картаны қолданатын ересектер саны азаймай тұр.

 Арслан АРОНОВ, «Смарт Атырау» КММ басшысы

— Бізде жолаушылардың 50 пайызы проезд төлемейді. Шамамен перевозчиктер күніне 2,5-3 миллион теңгеден қағылады. Сол ақшаға олар автобөлшек заказ беріп, ремонттау керек. Олар автобөлшекке заранее заказ бере алмайды, бізден субсидияны күтіп отырады. Кісілер уақытында төлеп тұрса, онда олар спакойно ремонтын жасап, отырады екен. Бізден түскен ақшаға, яғни субсидияға зарплатаны көтеріп, шофер іздейтін еді.

 Мұның барлығы жолаушылар қызметінің сапасына әсер ететіні сөзсіз. Ал жүру интервалы қоғамдық көліктердің санына байланысты екені айтпаса да түсінікті. Интервалдың ұзаруына қолайсыз ауа-райы мен кептелістің де ықпалы бар. Әкімдіктегілер қолдан келгенше мәселені шешуге жұмыстанып жатырмыз дейді. Былтыр жергілікті әкімдік жолаушылар қызметін субсидиялауға 6 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлген.

 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *