Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

Атырауда «журналистің көлігін өртеді» деп айыпталған азамат сотталды

Атыраулық журналист Виктор Сутягиннің көлігін өртеп жіберді деп айыпталған азаматқа сот үкім кесті.

Атырау қаласының №2 сотының судьясы Тыныштық Нұримова сотталушыны бірнеше жылға бас бостандығынан айырды және оны 25 млн теңгеден астам шығынды өтеуге міндеттеді. Осылайша тоғыз айға созылған сот процесіне нүкте қойылды.

 «Қылмыстық процестік кодекстің 387,390,393,395,398,401,402 баптарын басшылыққа алып сот үкіметі Ермұханов Данияр Маратович ҚР қылмыстық кодекісінің 202 бабының, 3 бөлігі мен 2 тармағында көзделген қылымыстық құқықбұзушылықты жасаған үшін кінәлі деп танылсын. Оған 5 жыл мерзімінде бас бостандығынан айыру тағайындалсын. Қыымыстық кодексінің 60 бабының 1,2 бөлігінде осы үкіммен тағайындалған жазаға Атырау облысы, Атырау қаласының №2 сотының 2022 жылы 21 қарашадағы үкіммен өтелмеген 1 ай жазаны қосу арқылы, түпкілікті Ермұханов Данияр Маратовичке 5 жыл 1 ай мерзімінде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын» -делінген үкімде

 Естеріңізге салайық, оқиға 2023 жылдың 11 мамырында таңғы сағат бес шамасында болған. Жәбірленушінің айтуынша, көлік үй жанындағы аллеяда тұрған екен. Оқиға сол маңдағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Одан белгісіз біреудің көліктің капотына жақындап келіп, әрлі-берлі жүргенін, содан кейін жарылыс секілді қатты дыбыс шыққаны көрінеді.

Оқи отырыңыз...

Атырау мұнай өңдеу зауытынан қауіп тұр (видео)

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕКРЕТТІК ТӨЛЕМНІҢ ОРТАША МӨЛШЕРІ 1,2 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ЖЕТТІҚазақстанда жұмыс істейтін әйелдерге берілетін жүктілік пен босануға байланысты біржолғы әлеуметтік төлемнің орташа көлемі 1,2 миллион теңгені құрады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласының 2026 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша шығарған мәліметі осыны көрсетіп отыр. Бұл әлеуметтік төлем түрі жүктілік пен босануға, немесе жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған заңды түрде жұмыс істейтін әйелдерге тағайындалады. Төлемнің нақты мөлшері үміткердің соңғы 12 ай ішіндегі ресми орташа айлық табысы негізінде жекелей есептеліп беріледі. 👶 Бала дүниеге келгенде берілетін біржолғы жәрдемақы Мемлекет тарапынан балалы отбасыларды қолдау мақсатында нәрестелі болған ата-аналарға (жұмыс істейтініне немесе істемейтініне қарамастан) берілетін тікелей жәрдемақы түрлері бекітілген: 🧑‍🍼 1-ші, 2-ші және 3-ші балаға — 164 350 теңге; 👨‍👩‍👧‍👦 4-ші және одан кейінгі балаларға — 272 475 теңге. 🍼 1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне арналған ай сайынғы төлем Бала өсіп, 1,5 жасқа толғанға дейін берілетін ай сайынғы қаржылай көмектің де өзіндік есептелу ерекшеліктері бар: 📊 Есептелу тәртібі: Жұмыс істейтін аналар (немесе бала күтіміне шыққан әкелер) үшін бұл төлем олардың соңғы екі жыл (24 ай) ішіндегі орташа айлық табысының 40 пайызы көлемінде есептеліп төленеді. 💳 Қазіргі орташа мөлшері: Қазақстанда бүгінгі таңда бала күтіміне байланысты беріліп жатқан бұл ай сайынғы төлемнің орташа көрсеткіші 86 062 теңгені құрап отыр.

«ҚАЗЫНАЛЫ КАСПИЙ» ФОРУМЫНДА ИТБАЛЫҚТАР САНЫ МЕН ЖАҢА АКВАЗОНА ЖОБАСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ