Басты ақпаратЖаңалықтар

Қазақстанда жемқорлардың жария реестері жасалуы мүмкін

Қазақстанда жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруда екі жаңа тәжірибе қолданысқа енгізілмек. Біріншіден, енді пара алуға ауызша не жазбаша келісім берудің өзі парақорлыққа жатқызылатын болса, екіншіден Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайтында жемқорлардың тізімі жарияланып тұрады.Мұндай ұсыныстарды «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов Мәжіліске ұсынатыны туралы хабарлады.

«Қазақстанның Қылмыстық кодексіне жаңа 366-1 бап енгізіледі. Онда «Пара алуға келісім беру, пара сұрау немесе талап ету» деп жазылған. Яғни, ауызша, жазбаша не электронды формада пара алуға келісу осы жаңа бап бойынша жазаға тартуға негіз болады. Тіпті, WhatsApp желісіндегі хабарламаның өзі жеткілікті. Біз коррупция туралы ойдың өзін қылмысқа жатқызуымыз керек», – деп жазды Дидар Смағұлов.

Тізім Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайтында жарияланады.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *