Басты ақпаратЖаңалықтар

BINOM МЕКТЕБІНЕ БОМБА ҚОЙЫЛҒАНЫ РАС ПА?

Атырау қаласындағы Әл-Фараби атындағы Binom School мектеп-лицейіне жарылғыш зат қойылды деген ақпарат жалған болып шықты. Мектеп қызметкерлері мен оқушыларын дүр сілкіндірген ақпарат туралы қоңырау полицейлерге түскі он екі жарым шамасында түскен. Іле-шала барлығы қауіпсіз жерге шығарылып, арнайы мамандар жарылғыш затты іздеуге кірісіп кеткен еді. Абырой болғанда ештеңе табылмады.

Енді полицейлер жұртты жұмысынан, оқушыларды сабақтан қалдырған адамды іздеуге кірісіп кетті. Қолға түссе оған қатысты Қылмыстық кодекстің «терроризм актісі туралы жалған хабарлау» дерегі бойынша айып тағылмақ. Кінәсі дәлелденсе 18 460 000 теңге айыппұл төлейді немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *