Басты ақпаратЖаңалықтар

NCOC БАСШЫЛЫҚТЫҢ АУЫСАТЫНДЫҒЫН РЕСМИ ТҮРДЕ МӘЛІМДЕДІ

NCOC компаниясының баспасөз қызметі басшылықтың ауысатындығын ресми түрде хабарлады. Алдағы наурыз айында Оливье лазар басқарушы директор лауазымынан кетіп, оның орнына Джанкарло Рую отырмақ. Оливье Лазар NCOC компаниясына осыдан үш жыл бұрын келді.

Shell компаниясында 35 жылдан астам қызмет атқарып, соңғы 6,5 жыл Қазақстанда еңбек етті. Оның басшылық етуімен NCOC компаниясында Солтүстік Каспий жобасына да, сондай-ақ өте маңызды деген газ жобалары бойынша негізгі шешімдерді қамтамасыз ететін кеңею жобалары әзірленді. Ал Джанкарло Рую Қазақстанда, шет елдерде мұнай және газ кен орындарын басқару стратегиясы бойынша мол тәжірибе жинақтаған азамат.

Осы қызметке дейін ол Абу-Дабидегі Eni/ADNOC бірлескен кәсіпорнының құрлық бағдарламасын басқарып, Ганада Eni басқарушы директоры және Қашаған кен орнын игеру жобасының І кезеңі директоры қызметтерін атқарды. Қазір «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясының бас директоры боп еңбек етіп жүр.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *