Басты ақпаратЖаңалықтар

ӨТКЕН АПТАДА АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА 122 ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ БОЛДЫ

Өткен аптада Атырау облысының аумағында 122 жол көлік оқиғасы болып, 18 адам жарақат алды. 2 адам қайтыс болды. Полиция қызметкерлері сапарға шыққан жүргізушілерді жол үстінде тоқтатып, қауіпсіздікті сақтау туралы айтудан кенде болмаса да, оны елемейтіндер көп. Өйткені жол-көлік оқиғасына тап болған көлік жүргізушілерінің «Жылдамдықты бекітілген нормадан асырмаңыз», «қауіпсіздік белдігін тағыңыз», «жол бойында сақ болыңыз», «көзіңіз жетпей тұрып, қарсы жолаққа шықпаңыз» деген сынды ескерту алғаны белгілі болды.

Күн райына байланысты республикалық, облыстық маңызы бар тас жолдардың жабылатындығы туралы хабарлама да жауапты орындар тарапынан уақытылы жіберіледі. Оған да құлақ аспай, тәуекелге бел буатындар бар. Ал оның арты әдетте қайғылы жағдайға ұласып жатады. Сондықтан полицейлер хабарламаға немкетті қарамауға шақырады және шектеуге бағынбай, жолға шығып кеткен жүргізушілердің заң алдында жауап беретіндігін ескертеді.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *