Жаңалықтар

ӘСКЕРИ БІР КҮН

Атыраулық бозбалалар әскерге баруға дайын. Облыстық Қорғаныс істер жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен 2016 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті. Сарбаздардың әскердегі тұрмыс-тіршіліктерімен таныстыру мақсатында өткізілген бұл шараға қала мен аудандардан келген 160-қа жуық мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты.

 Алтынбек ЖӘРДЕМОВ, Атырау индустриалды колледжінің студенті:

— Бүгінгі шара керемет өтті. Келгеніме қуаныштымын. Жалпы осындай ашық есік күні көп болса екен дейміз. Бұл студенттердің әскери адам болуға деген қызығушылықтарын арттырады деп есептеймін өзім. Ұйымдастырушыларға көп рахмет. Өте қызықты болды. Және де жақсы тәжірибе алдым, көрдім.

Сондай-ақ, ашық есік күніне келушілер әскери техника, қару-жарақ, арнайы әскери киімдер көрмесін де тамашалады. Мұндай шара жастардың әскери өмірге деген қызығушылығын арттырады, — дейді ұйымдастырушылар. Айта кетейік, жылда Атырау облысы бойынша 1700-ге жуық бозбала әскерге аттанады. Және де бұл көрсеткіш жыл сайын артып келе жатқан көрінеді.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *