Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

Оқушыларды таяқпен ұрған мұғалім жұмыстан кетті

Маңғыстауда оқушылардың қолынан таяқпен ұрған мұғалім өз еркімен жұмысынан кетті. Бұл жағдай Мұнайлы ауданындағы жекеменшік мектептердің бірінде жуықта болды. Бейнежазбадан ұстаздың бастауыш сынып оқушыларын орнынан тұрғызып қойып, кезек-кезек қолдарынан соққанын байқауға болады.

Жас маман оқушыларды осылайша тәртіпке салмақ болса керек. Ал оқиғаны әлеуметтік желіден көрген балалардың ата-аналары іле-шала шу шығарып, мұндай маманның жұмыстан кетуін талап еткен көрінеді.

Мектеп басшылығы қызметкерінің әрекетіне қатысты жұмған аузын ашпады. Педагогке жат қылық көрсеткен мұғалім істегенінен ұялса керек жұмыстан өз еркімен шығып кетіпті.

Оқи отырыңыз...

АТЫРАУ ЖӘНЕ ХОРЕЗМ ОБЛЫСТАРЫ БАЙЛАНЫСТЫ КЕҢЕЙТПЕК

АТЫРАУДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ТАЛҚЫЛАНЫП, АУДАН ӘКІМДІКТЕРІ СЫНҒА АЛЫНДЫ

АҚТАУЛЫҚ ОҚУШЫЛАР «ДОМБЫРА – ҰЛТ МҰРАСЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕЛЛЕНДЖГЕ ҚАТЫСТЫ