Басты ақпаратЖаңалықтар

Бір жылда дәрі-дәрмектердің бағасы 13 пайызға өсті

Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі дәрілік заттардың қымбаттауына қатысты түсінік берді.

«2023 жылы дәрілік заттардың бағасы 2022 жылмен салыстырғанда орта есеппен 13,6 пайызға өскенін көрсетті, бірақ белгіленген шекті бағадан аспайды. Жалпы, бұл көрсеткіш маусымдық бағаның өсуіне байланысты дәрі-дәрмектердің сауда атауларының аз мөлшерінен тұрады. Негізінен, антипиретикалық, вирусқа қарсы, антибиотиктер мен антикоагулянттар бағасының өсуі байқалды», — делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 245-бабы 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган жартыжылдықта бір рет монополияға қарсы органмен келісу бойынша бағалық реттеуге жататын, бөлшек және көтерме саудада өткізуге арналған дәрілік заттың саудалық атауына шекті бағаларды бекітеді. Қазіргі кезде Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 3 шілдедегі бұйрығымен бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттардың 6 890 саудалық атауына шекті бағалар бекітілді.

«Дәріханаларда дәрі-дәрмектер бекітілген шекті бағадан төмен бағада сатылуы мүмкін екенін айта кеткен жөн. Бірақ Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 245-бабының 7-тармағына сәйкес, бағалық реттеуге жататын тізбеге енген дәрілік заттарды шекті бағасынан жоғары көтерме және бөлшек саудада өткізуге жол берілмейді. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 426-бабына сәйкес, дәрі-дәрмекті бекітілген шекті бағадан асыра сатқаны үшін жауапкершілік көзделген. Сонымен қатар, шекті бағадан асыра сату фактісі анықталған жағдайда, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне дәлелді құжаттармен (дәрі-дәрмек және сату түбіртегімен) немесе DARIKZ мобильді қосымшасы арқылы өтініш қалдыруға болады», — деп аталып өткен хабарламада.

Атап айтқанда, 2022-2023 жылдары препараттардың бағасын бақылау аясында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың шекті бағасынан асып кетудің 16 фактісі анықталды, 2,1 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *