Басты ақпаратЖаңалықтар

АҢШЫЛАРҒА БЕРІЛЕТІН ЛИМИТ КӨЛЕМІ 16-АҚПАНДА БЕЛГІЛІ БОЛМАҚ

Елімізде аңшыларға бір жылға берілетін лимит көлемі 16-ақпанда белгілі болмақ. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің осындай жобасы «Ашық» нормативтік-құқықтық актілерді талқылау порталында жарияланды.

Жоба мақұлданса Атырау облысының аңшыларына 1240 жабайы доңыз, 1029  түлкі, 2787 қоян, 112 борсық, 15 492 қаз, 164 348 үйрек, 11 466 қасқалдақ, 7959 кептер, 22 951 шалшықшы құс, 455 дала шілін аулауға рұқсат берілуі мүмкін.

Қазіргі кезде Атырау облысында 6000-ға жуық аңшы тіркелген. Бірақ 2500-ға жуығы ғана аңшылықпен белсенді айналысып жүр, — дейді инспекция мамандары.

Мереке ШАЛҚАРОВ, Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы

– Егер де қандай да бір аңшылықта жүріп рұқсат құжаттары болмаса, біріншіден әкімшілік құқық бұзу талаптары бойынша, 182-бабы бойынша айыппұлдар және келтірілген шығындар бар. Ал егер заңсыз аң аулаумен келтірілген шығын 100 АЕК-тен жоғары болса, онда қылмыстық кодекстің 337-бабымен қылмысқа тартылады.

 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *