Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

ҚЫЗЫЛҚОҒАЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕРГЕ ҚЫЗМЕТТІК КӨЛІК БЕРІЛДІ

Тұрғындарға сапалы алғашқы медициналық көмек көрсету мен ауданның денсаулық сақтау саласын жақсартуды көздеген аймақ басшылары биыл Жангельдин, Жасқайрат, Қоныстану, Қаракөл, Тасшағыл дәрігерлік амбулаториясының ұжымына қызметтік көлік алып берді.

Табысталған 5 машина да жол талғамайды, яғни енді дәрігерлердің шалғай ауылдар мен құмды жерлерге еш қиындықсыз жетуіне толық мүмкіндік бар. Медициналық авто науқасқа алғашқы көмек көрсету кезінде қажет болатын замануи құрылғылармен толықтай жабдықталған.

Еске сала кетейік, 2023 жылы дәл осындай 5 автокөлік аудандық аурухана, Тайсойған, Сағыз, Мұқыр және Қызылқоға дәрігерлік амбулаторияларына берілген еді.

 

Оқи отырыңыз...

ҚАЛАДАҒЫ №3 ЕМХАНА ЕСЕПШІСІ ӨЗІНІҢ ЕСЕПШОТЫНА 225 МЛН.ТЕҢГЕНІ НЕГІЗСІЗ АУДАРҒАН

ҚАЗАҚСТАН МЕН ПӘКІСТАН ӨЗАРА ТАУАР АЙНАЛЫМЫН 1 МЛРД ДОЛЛАРҒА ЖЕТКІЗУДІ КӨЗДЕП ОТЫР

МЕКТЕПТЕГІ СЫНЫПТАРҒА БАТЫРЛАРДЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ