Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

Бүгін Атыраудың бас шыршасы жағылады

Бүгін сағат 18:30-да Исатай-Махамбет алаңында қаланың бас шыршасы жағылады.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, облыс орталығында Жаңа жыл мерекесіне орай биіктігі 18 метрлік жеті шырша жағылмақ. Олар Нұрсая, Вокзал маңы (С.Мұқашев алаңы), Балықшы мөлтекауданы, «Атырау» әуежайы, орталық Исатай-Махамбет пен Бейбарыс алаңдары және М.Өтемісұлы атындағы облыстық академиялық драма театрының алдына орнатылмақ.

«Қаланы жаңа жылдық безендіруге NCOC, Казтрансойл, BI, АИС, АНПЗ, БАЗИС А мекемелері демеушілік көрсетуде. Ал, шыршаны безендіруге қалалық бюджетен 19 миллион теңге қаражат бөлінді» дейді қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Айша Кенжемұратова.

Еске сала кетсек, былтыр қалалық бюджеттен мерекелік безендіруге 31,3 млн теңге бөлінген болатын. Ал, 2020, 2021 жылдарға қаражат бөлінбеді. Оның алдында 2019 жылы 43 млн 700 мың теңге жұмсалды.

Оқи отырыңыз...

ӘЛ-ФАРАБИ ДАҢҒЫЛЫНДАҒЫ АПАТТАН ҚАЗА ТАПҚАН БОЙЖЕТКЕННІҢ ӘКЕСІ СОТТА МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ

«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҚАРАШЫҒАНАҚТАҒЫ «ЛУКОЙЛ» ҮЛЕСІН САТЫП АЛАДЫ ДЕГЕН АҚПАРАТТЫ ЖОҚҚА ШЫҒАРДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА ЖЫЛ, СЫЙЛЫҚ, ШЫРША ЕСІМДІ ЖАНДАР ӨМІР СҮРІП ЖАТЫР