Жаңалықтар

Атырауда «Lada Vesta» көлігінен қара уылдырық тәркіленді

Атырау облысында 52 жастағы жүргізуші бекіре тұқымдас балықты заңсыз тасымалдау күдігімен ұсталды.

Полиция қызметкерлері күдіктінің көлігінен 84,9 келі бекіре мен бағалы балықтың 1,9 келі қара уылдырығын тәркіледі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізуші Атырау-Доссор бағытындағы тасжолда ұсталған.

«Полиция қызметкерлері күдік тудырған 1971 жылғы жүргізушінің Lada Vesta автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде көліктен салмағы 84,9 келіні құрайтын 27 дана бекіре тұқымдас балық пен 1,9 келі бекіренің қара уылдырығы табылып, тәркіленді. Ұсталған жүргізушіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 2-бөлігімен (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі», – деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *