Жаңалықтар

Облыс әкімі жеке мәселемен келген тұрғындарды қабылдады

Ел президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» жарлығына сәйкес аймақ басшысы Серік Шәпкенов жеке мәселемен келген тұрғындарды қабылдап, олардың ұсыныс-пікірін тыңдады.

Халықты баспанамен қамту, жер телімін бөлу, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, еңбек дауын шешу сынды әлеуметтік мәселелер алаңдатын көрінеді. Серік Шәпкенов азаматтардың мәселесін қабылдауға қатысқан жауапты басқарма басшылары, «Отбасы банк» АҚ Атырау облыстық филиалының өкілдерімен бірге талқылап, қажетті кеңес берді.

Атыраулықтардың көпшілігі өздерін тұрғын үймен қамтамасыз етуді сұрады. Оларға баспана заң аясында кезек бойынша берілетіні түсіндірілді. Серік Шәпкенов жыл басынан бері 57 қабылдау өткізіп, 700-ден астам тұрғынды қабылдады. Сондай-ақ, аудандарға жұмыс сапары барысында 300-ден астам адамның өтінішіне құлақ түрді.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *