Әлем жаңалықтары

ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ 15.12.2023Ж.

ҚЫЗЫЛ ТЕҢІЗДЕ СОҒЫС БАСТАЛДЫ
Бүгін хуситтер Баб-эль-Мандеб бұғазында танкерге шабуыл жасап, артынша Аден шығанағындағы контейнер тасымалдаушы кемені басып алды. Kazinform бұл туралы Оilcapital сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
ВЕНГРИЯ УКРАИНАҒА КӨМЕКТІ БҰҒАТТАДЫ
Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбан Украинаға көрсетілетін 50 миллиард доллар көлеміндегі көмек тағы бұғатталғанын мәлімдеді. Бұл туралы РИА Новости жазды.
ЛАҢКЕСТІК ӘРЕКЕТТЕР ҰЙЫМДАСТЫРМАҚ БОЛҒАН ХАМАС ӨКІЛДЕРІ ҰСТАЛДЫ
Федералдық прокуратура дерегінше, ұсталған адамдар лаңкестік әрекет жасау үшін қару іздеп жүрген. Үш адам Берлинде, тағы біреуі Нидерландта қолға түсті. Kazinform бұл туралы DW басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
МАЙМЫЛ ШЕШЕГІНЕН БІРІНШІ АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Жапонияда Токиоға жақын маңдағы Сайтама проефектурасында тұрған ер адам Mpox дертінен қаза тапты. Ол елде осы аурудан қайтыс болған алғашқы адам ретінде тіркелді. Бұл туралы Жапония денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *