Басты ақпаратЖаңалықтар

АҚТАУДА «АРМАНДА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС ФОРУМЫ ӨТТІ

Ақтауда «Арманда» халықаралық білім бизнес форумы өтті. Іс-шараға аранйы шақырылған белгілі медиа-менеджер Арман Дәулетияров, айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов, атақты спортшы Ислам Байрамуков қатысып,өңір жастарына серпіліс берді. Олар өздерінің өмір жолы, жетістікке қалай жеткендіктері туралы айтып, шеберлік сабағын өткізді. Форумды өткізгендегі мақсат — қазіргі қоғамдағы өзекті саналатын білім, отбасылық құндылықты сақтау, жастардың рухани және әлеуметтік дамуы туралы сүбелі сөз, өтімді ой айтатын сауатты пікірталас алаңын құру. Айтыскер, «Сөз менеджменті» кітабының авторы Жандарбек Бұлғақов сөз өнері тақырыбында ой өрбітті. Оның айтуынша қазіргі қазақ жастары өз ойын жеткізгенде іркіледі, ашық айтудан қысылады.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *