Басты ақпаратЖаңалықтар

МАҢҒЫСТАУДА КЕЙ МЕКТЕПТЕР ОНЛАЙН ОҚУҒА КӨШТІ

Маңғыстау облысында күн райы бұзылып, жел күшейді. Екпіні секундына 28 метрге дейін жеткен долы желге байланысты аймақтағы кейбір мектеп басшылары оқу процесін онлайнға көшіру туралы шешім қабылдады. Облыстық білім беру департаменті өкілдерінің сөзінше қазір 40-тан астам мектептің оқушысы үйден білім алуда. Дауылдан инфрақұрылым да зардап шекті. Теңіз жағалауындағы пирс бұзылып, жарты бөлігін су басса, жаңадан бой көтерген көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттері мен кей бөліктері ұшып кеткен. Қауіпсіздік мақсатында тұғырдағы ту да алынды. Аудандарда да бүлінген ғимараттар бар. Мәселен, Бейнеу ауданы, Боранқұл ауылында екі қабатты тұрғын үй қираған.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *