Биыл Ақпарат министрлігі «Қоғамдық сананы жаңғырту шараларына» 1 млрд теңге жұмсаған. Бұл биылғы жылдың қазан айындағы дерек. Министрлік жыл соңында да осынша ақша жұмсамақ, яғни осы жылға жалпы 2 млн жұмсау жоспарланған.
Жоспар бойынша жылдың соңғы айларында миллиардтаған теңгені игеріп үлгеру керек екен. Ендеше, жыл соңында сана жаңғыртудың күшейтілген жұмыстары жүруі мүмкін.
Сонымен қатар, осы жылы Ақпарат министрлігі мемлекеттік ақпараттық тапсырыс бойынша 40,4 млрд теңге жаратқан. Жыл соңына дейін бұл сома 59,3 млрд теңгеге дейін жетпек.
Бұл қаражат мемлекеттік тапсырыстар есебінен жұмыс істейтін мемлекеттік БАҚ-қа төленеді (мысалы, «Хабар» және «Казправда»). Өз кезегінде олар халыққа елде бәрі жақсы екенін көрсететін имидждік мақалалар мен сюжеттер дайындайды.