Әлем жаңалықтары

🌎📢ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ 29.11.2023Ж.

🌎ГАЗА ТҰТҚЫНДАРДЫ БОСАТУДЫҢ БЕСІНШІ ЛЕГІН БАСТАДЫ
Газа секторында палестиналық ХАМАС тобы Қызыл крест халықаралық комитетінің (ХҚКК) өкілдеріне тұтқынға алынған адамдардың бесінші легін тапсыру процесін бастады. Бұл туралы «Аль-Кахира аль-Ихбария» телеарнасына сілтеме жасап ТАСС жазды, деп хабарлайды Кazinform.
🌎ТУННЕЛЬ АСТЫНДА ҚАЛҒАН 41 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ
Үндістан солтүстігінде құтқарушылар Гималайда тауларындағы туннель астында қалып қойған жұмысшыларды шығарып алды. Олар жер астында 17 күн болды. Kazinform бұл туралы ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.
🌎ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ ӨЗГЕРТІЛМЕК
Қырғызстан парламенті республика туының дизайнын өзгерту туралы шешімді бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
🌎ИЗРАИЛЬГЕ ГОЛАН БИІКТІГІН ҚАЙТАРУ ТУРАЛЫ ҮНДЕУ ТАСТАЛДЫ
БҰҰ бас ассамблеясы Израильді сириялық Голан биіктігінен кетуге үндейтін резолюция қабылдады, деп хабарлайды РИА Новости.
🌎ЕУРОПАРЛАМЕНТ КИЕВТЕ КЕҢСЕСІН АШАДЫ
Еуропарламент Киевте кеңсесін ашады, — деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Брюссельде Еуропарламент пен Рада арасында жаңартылған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған Жоғарғы Рада спикері Руслан Стефанчукпен кездесуден кейін Еуропарламент президенттерінің конференциясында мәлім болды.
🌎ЭКСПО-2030 САУД АРАБИЯСЫНДА ӨТЕДІ
Халықаралық көрмелер бюросына (BIE) мүше мемлекеттер ЭКСПО-2030 Дүниежүзілік көрмесінің ұйымдастырушысы ретінде Сауд Арабия мемлекетін таңдады.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *