Жаңалықтар

БАЙДАРКА ЖӘНЕ КАНОЭ ЕСУДЕН ҚАЛАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

пр

Қала күніне орай Атырау облысы және қала әкімдігінің қолдауымен, Атырау қалалық спорт федерациясының ұйымдастыруымен байдарка және каноэ есуден қалалық турнир өтті. Турнирге Батыс Қазақстан облысы мен Атырау облысының ерлер мен әйелдер командасы қатысып, 10 жас пен 23 жас аралағындағы 50-ге жуық 200 және 500 спортшы бақ сынады. Облыс әкімінің қолдауымен, осы турнирге арнайы 50 шақты жаңа қайықтар әкелінді, — дейді ұйымдастырушылар.

Николай БОГАЧКИН, байдарка және каноэ есуден аға жаттықтырушы:

— Бұл спорт түріне 8-9 жастағы бүлдіршіндеріміз де қызығушылық танытуда, соған орай, алдағы уақытта облыс және қала әкімдігінің қолдауымен жас спортшыларымызға арнап арнайы жаттығу тренажерлары мен қайықтар алдырып жатырмыз. Келесі жылы осы байдарка мен каноэ есуден қаламызда республикалық дәрежедегі турнир өткізуді жоспарлап отырмыз.

Айта кетейік, Қазақстандағы байдарка мен каноэ спортының іргетасы Атырау қаласында қаланған. 1954 жылы ескек есушілердің Қазақстандағы алғашқы командасы құрылды. Ал 1955 жылы, қаламызда алғаш рет ел біріншілігі өткізілген болатын. Қазақстан құрамасын негізін қалаған атыраулықтар сол жылы КСРО Халықтарының І спартакиадасына қатысып, спортшыларымыз алдыңғы бестіктен көрінді.

 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *