Басты ақпаратЖаңалықтар

Атыраулық полицейлерге тұрмыста зәбір көргенін айтып 5800 адам хабарласқан

Атырау облысында жыл басынан бері полиция қызметкерлеріне тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 5800-ге жуық хабарлама түскен. Биыл жеңіл дене жарақатын салуға қатысты 331 іс қозғалса, былтыр бұл көрсеткіш 300-ге жетпеген. Ал ұрып соғу фактісі өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге көбейген. Осы жылы заң талаптары сәл де болса қатаңдатылғанмен, ақылын ашуына жеңдірген ерлердің саны азамай тұр.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, олардың көбеюіне биыл заңға енген өзгеріс себеп. Бұл туралы «Тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу: құндылықтар жүйесі мен мінез құлық үлгілерін трансформациялау» тақырыбында өткен  дөңгелек үстелде айтылды. Осы жылдың маусымынан бастап  отбасыдағы кикілжіңге байланысты шақыртылған полицейлер әйелін немесе баласын ұрған азаматтарды арыз шағымсыз-ақ жазалауға құқылы.

Жалпы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 4 түрі бар. Олар: психологиялық, экономикалық, сексуалдық және күш қолдану. Психологтар таяқтың екі ұшы бар екенін ұмытпаған жөн дейді. Мәселенің салдарымен емес, себебімен күресу керек деген пікірде.

Отбасында зорлық көрген келіншектер уақытша тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге көмек көрсету бөлімшесінде паналауға мәжбүр. Әрине, қиын жағдайда көмек қолын созар ешкім болмаса. Атыраудағы  дағдарыс орталығына жыл басынан бері 43 әйел мен олардың 111 баласы бас сауғалап келген. Қазіргі уақытта мұнда 6 келіншек пен 18 бала тұрып жатыр.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *