Тозығы жетіп, жұрттың наразылығын тудырған ескі қоғамдық көліктерді енді жаңа автобустар алмастырмақ. Бүгін жергілікті тұрғындарға салтанатты түрде жиырмаға жуық қоғамдық көлік табысталды. Валидатор арқылы төлем жасауға болатын автобустардың картасы әзірге кондукторлар мен сауда орталықтарында ғана сатылады. 300 теңгелік картаға 9 түрлі тәсіл арқылы төлем жасауға болады. Бірақ, әзірге оның үш түрі ғана іске қосылған.
Алтынай СЕРІКБАЙ, тілші:
-Қала күніне арнайы берілген автобустардың ішінде барлығы замануи техникамен қамтылған. Енді қала тұрғындары ақшаны кондуктарға емес, электорнды оңай картасы арқылы төлей алады. Бұл жылдам әрі ыңғайлы.
Айта кету, жыл соңына дейін қалаға жүзге жуық осындай жаңа қоғамдық көлік келеді деп жоспарланып отыр. Осылайша, жұртшылықтың жаппай наразылығын тудырған ескі көліктер мәселесі біржолата шешілмек.
Марат МАҒЗУМОВ, жүргізуші:
-Автобус паркінде жұмыс жасағаныма алты жылдай уақыт болды. Бастапқы уақытта жаңа автобустар келіп еді. Енді олар ескірді. Мынадай автобустар келіп қуанып жатырмыз. Бір автобусты мен алып жатырмын. Көлік жақсы, кең. Енді ерте тұрып, халыққа қызмет етеміз.
Қала күніне арнайы берілген автобустардың ішінде барлығы замануи техникамен қамтылған. Енді қала тұрғындары ақшаны кондуктарға емес, электорнды оңай картасы арқылы төлей алады. Бұл жылдам әрі ыңғайлы.
КСМ: Айта кету, жыл соңына дейін қалаға жүзге жуық осындай жаңа қоғамдық көлік келеді деп жоспарланып отыр. Осылайша, жұртшылықтың жаппай наразылығын тудырған ескі көліктер мәселесі біржолата шешілмек.
Марат МАҒЗУМОВ, жүргізуші:
-Автобус паркінде жұмыс жасағаныма алты жылдай уақыт болды. Бастапқы уақытта жаңа автобустар келіп еді. Енді олар ескірді. Мынадай автобустар келіп қуанып жатырмыз. Бір автобусты мен алып жатырмын. Көлік жақсы, кең. Енді ерте тұрып, халыққа қызмет етеміз.