Әлем жаңалықтары

ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ 17.11.2023Ж.

ТҮРКИЯ АСЫҒАР ЕМЕС
Түркиядағы комиссия өткен бейсенбіде Швецияның НАТО-ға кіру өтініші бойынша дауыс беруді кейінге қалдырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түркияда өтініш келесі аптада қайта қаралуы мүмкін. Бірақ әзірше оған нақты мерзім белгіленбеген. Төраға Фуат Октай бұл туралы бір күн бұрын айтты, деп жазды Reuters.
ЕРЕВАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАРЫЛЫС БОЛДЫ
Ереван мемлекеттік университетінің 1-ші корпусының ең төменгі қабатында өрт тұтанып, артынша жарылыс болды. Бұл туралы Kazinform «Арменпресс» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
ГЕРМАНИЯДА ТЕМІРЖОЛШЫЛАР ЕРЕУІЛГЕ ШЫҚТЫ
Deutsche Bahn (Дойче Бан) бейсенбіде жұмыс уақытын күрт қысқартты: кәсіподақ жалақы мен жұмыс уақытына қатысты өткір дау кезінде қысымды күшейту үшін 20 сағаттық ереуілге шықты. Kazinform агенттігі бұл туралы Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды.
РЕСЕЙДЕ КӨПҚАБАТТЫ ҮЙ ҚҰЛАДЫ
Ресейдің Астрахан қаласында көпқабатты үйдің бір бөлігі опырылып құлады. Бұл туралы Астрахан облысының губернаторы Игорь Бабушкин Telegram-дағы жеке каналында жазды. Кazinform бұл туралы ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды.
ИСПАНИЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ САЙЛАНДЫ
Педро Санчес Испания үкіметінің төрағасы болып қайта сайланды, оның кандидатурасын депутаттар конгресінің 179 мүшесі – социалистер мен олардың солшыл одақтастары, сондай-ақ каталониялық және баск ұлтшылдары қолдады, деп хабарлайды Kazinfom Еuronews арнасына сілтеме жасап.
ҚЫТАЙДА ӨРТ САЛДАРЫНАН 25 АДАМ ҚАЗА БОЛДЫ
Қытайдың орталық бөлігіндегі Шаньси провинциясына қарасты Люйлян қаласындағы көмір зауытында өрт шығып, кем дегенде 25 адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *