Әлем жаңалықтары

🌎📢 ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ 13.11.2023Ж.

🌎 «10 МИНУТ САЙЫН 1 БАЛА ҚАЗА ТАБАДЫ»
ДДСҰ басшысы Газа секторындағы денсаулық сақтау жүйесінің ауыр жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Euronews.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде сөйлеген сөзінде Газада әрбір он минут сайын бір бала қаза табатынын және сектордың денсаулық сақтау жүйесі нашарлап кеткенін айтты.
🌎 ИСЛАНДИЯДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЖАРИЯЛАНДЫ
Исландияда төтенше жағдай жарияланды: полицейлер тұрғындарды қатты жер сілкінісінен кейін елдің оңтүстік-батысындағы жанартаудың атқылау ықтималдылығына байланысты теңіз жағалауындағы Гриндавик қаласынан кетуге шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
🌎 ИЗРАИЛЬ МЕН ХАМАС КЕПІЛГЕ АЛЫНҒАН АДАМДАРДЫ АЙЫРБАСТАУҒА КЕЛІСТІ
Израиль тұтқындаған палестиналық әйелдер мен балаларды ХАМАС кепілге алған 100 израильдікке айырбастау жөніндегі келісімге қол жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
🌎 ГАЗАДАҒЫ НЕГІЗГІ АУРУХАНА ЖҰМЫСЫН ТОҚТАТТЫ
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Газа қаласындағы Әл-Шифа ауруханасы тұрғындарды қабылдауға жарамсыз екенін мәлім етті. Kazinform бұл туралы ВВС-ге сілтеме жасап хабарлайды.
🌎 ПАРИЖДЕ АНТИСЕМИТИЗМГЕ ҚАРСЫ ШЕРУ ӨТТІ
Парижде антисемитизмге қарсы қоғамдық акция өтеді деп жоспарланған. Шеруге қатысушылар мен палестиналық жақтастар арасында қақтығыс туындау қаупіне байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 3 мыңға жуық полиция жұмылдырылды, деп хабарлайды Kazinform.
ТОЛЫҒЫРАҚ https://www.facebook.com/caspiannews.kz/posts/pfbid034wHLw294r7JEiE6vkzJ547o6AYY26mH6RDwi5AdbSP2dKLRpkDx73E5VmmzHXdURl?mibextid=YxdKMJ

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *