Жаңалықтар

АТЫРАУДА ЖАСАЛҒАН

Атырауда алғаш рет «Made in Atyrau» деп аталатын кәсіпкерлер форумы өтті. Облыс кәсіпкерлерінің басын қосқан жиында жергілікті тұрғындарды өз өнімдерімізбен қамту, осы бағытта көрсетілетін мемлекеттік қызметті цифрландыру және мемлекеттік-жекеменшік серіктестік, стартап алаңы секілді мәселелер сөз болды. Форумға елімізге танымал кәсіпкерлер шақырылып, олар өз тәжірибелерімен бөлісті. Шара аясында көрме де ұйымдастырылды. Оған атыраулық 30-ға жуық компанияның өкілі қатысып, өнімдерін көпшіліктің назарына ұсынды.

Қуандық ТІЛЕУБАЕВ, кәсіпкер:

Бізің аймақта нан, су, макарон, консервлік өнімдер шығарылады. Халыққа жақын болу үшін қалада 38 -ге жуық киоск орналастырлған. 2000-нан астам адамды жұмыспен қамтып отырмыз. Біздің компанияда халыққа жақын болу үшін сапаға көңіл бөлеміз және бағаны төмен ұстаймыз.

Өткен жылы «Атамекен» кәсіпкерлерді қолдау палатасының көмегімен 700-ден астам атыраулық өз кәсібін бастапты. Ал, биыл олардың саны 1 300-ге дейін көбейіп отыр екен.

Руслан ДӘУЛЕТОВ, Атырау қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы:

— Форумның негізгі мақсаты жергілікті өнім шығарушы компанияларды қолдау, өнімдерін компанияларға таныстыру, сол өнімдерден түскен пайданы көбейту. Шара ленарлық және панелдік сессияға бөлінген. Форумға 250 адам қатысып отыр.

Айта кету керек, қазіргі таңда Атырау қаласы бойынша 60 мыңға жуық шағын және орта кәсіпкерлік нысаны тіркелген. Бірақ, қазір олардың 40 мыңнан астамы ғаны жұмыс істеп тұр.

 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *