Исатайда республика күніне орай ұйымдастырылған салтанатты жиында ауданның дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлер мен әр салада қызмет атқарып жүрген азаматтар сый-сияпатқа бөленді. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның алғыс хатымен ардагерлер кеңесінің төрағасы Жансих Маштахов марапатталса, ауданның әлеуметтік экономикалық жағынан алға басуына ықпал еткен бір топ ардагерге «Ауданның құрметті азаматы» атағы берілді. Ал теміржол, мұнай, ветеринария саласының ардагерлері Қадыр Көпбергенов пен Байдулла Тәкенов, Талап Шамаров, Мәлімқожа Жағыпаров аудан әкімінің Құрмет грамотасына ие болса, мемлекеттік қызмет ардагері Қабиболла Мұханбетовке, еңбек ардагері Жанбатыр Қажиденовке, Исатай балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Бұрхан Оралбековке Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына шығарылған «Дауылпаз» медалі берілді. Және аудандық «Нарын таңы» газетінің 70 жылдығына орай БАҚ ардагерлері мен қызметкерлеріне мерекелік медаль табысталды.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0