Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

1-ҚАРАШАДАН БАСТАП ҚАШАҒАНДАҒЫ ӨНДІРІС ТОҚТАУЫ МҮМКІН

Солтүстік Каспий жобасы операторының эмиссияға рұқсат ала алмай қалуы себепті 1 қарашадан бастап Қашағандағы жұмыс толығымен тоқтауы мүмкін. Мұны «Нефть и газ Казахстана» Telegram-арнасы хабарлады. Осы саланың тыныс-тіршілігін жақсы білетін дереккөздің сөзінше НКОК компаниясының басшылығы қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды шығаруға, орналастыруға рұқсат алар кезде үлкен проблемаға тап болуы әдбен мүмкін.
«Аталған рұқсатты Экологиялық реттеу және бақылау комитеті береді. Бұл жағдай NCOC-ты 2,3 трлн теңге экологиялық айыппұл төлеуге мәжбүрлемек болып жүрген Экология министрлігінің Қашаған консорциумы акционерлеріне қарсы шабуылының бір бөлігі болуы мүмкін. Еске салайық, компания сот шешімі бойынша айыппұлдың айтарлықтай бөлігін төлемейтін болған еді. Алайда мемлекеттік орган сот шешімімен келіспей, апелляциялық шағым түсірді. Ол бойынша іс биыл қыркүйекте басталды», — деп хабарлайды «Нефть и газ Казахстана» Telegram-арнасы.

Оқи отырыңыз...

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы кезінде Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер кандидаттардың 2022 жылғы 21 қазандағы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын «Caspian News» телеарнасында жариялау

Southern Water faces criminal probe after record £126m fine.

CNTV

ДӘРІГЕРЛЕР ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНА ҚАТЫСТЫ ПІКІР БІЛДІРДІ