Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

АҢШЫЛАРДАН АҚША ТАЛАП ЕТКЕН

Заңсыз ақша жинау тоқтатылды. Атырауда аңшылардан жабайы жануарларды аулауға жолдама алу үшін ақша талап еткен. Атап айтқанда, облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамы қасқырлар мен шибөрілерді аулау үшін тоқсанына үш мың теңге, ал жылына он мың теңге баға белгіленген. Ал, прокурорлар мұның заңға қайшы екендігін дәлелдеп, тиісті шараларды қолға алыпты. Осылайша, аталған қоғамға мүшелікте тұрған алты мыңнан астам аңшының құқығы қорғалған көрінеді.

  Жақсылық СИКИМОВ, Атырау облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының прокуроры:

— Аталған шешім ҚР «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 32 бабының 4 тармағы және 38 бабының 4 қармағына қайшы. Осыған орай, прокурорлық ықпал ету актісі бойынша қасқырлар мен шибөрілерді аулауға жолдама үшін төлем алу тәжірибесі жойылды.

 

Оқи отырыңыз...

ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСҚА БАҒДАР: «ЖАС ӨРКЕН» ЛАГЕРІНЕ 1008 ОҚУШЫ БАРАДЫ

БОЗДАҚ РЗАХАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ДОМБЫРАШЫЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

АТЫРАУ-МАҢҒЫСТАУ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ 12.04.2022