Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

ҚР ӘДІЛЕТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ МАҢҒЫСТАУЛЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Жыл басынан бері Маңғыстау облысында 3 мыңнан астам тұрғынға тегін құқықтық көмек көрсетілді. ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова халықпен кездесуде осы бағытта жасалып жатқан жұмыстар туралы айтты. Атап айтсақ, «Цифрлық сот төрелігі» бастамасымен 12 жоба іске асқан. Оның арасында электронды көмек алуға мүмкіндік беретін «Е-заң көмегі» жүйесі бар. Былтыр ұлттық заңнамада айтарлықтай өзгеріс болды. Жалпыұлттық референдум қорытындысы бойынша Конституцияға мемлекеттің құқықтық институттарын дамытуға бағытталған өзгертулер енгізілді дейді вице-министр.
Толығырақ https://fb.watch/mgvW8OUQ0T/

Оқи отырыңыз...

Азат Сұлтанов: Диқандар жанар-жағармай тапшылығынан қорықпаса болады Ресейдегі жанар-жағармай нарығындағы дүрбелеңге қарамастан, қазақстандық фермерлерге алаңдауға негіз жоқ. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың мәлімдеуінше, дизель отынының кепілдендірілген көлемі бекітілген кестеге сай бөлініп жатыр. Биылғы көктемгі егіс жұмыстарына аграршылар үшін 402 мың тонна дизель отыны бөлінген. Бұл — жыл сайын тұрақты түрде бөлінетін дәстүрлі көлем. Егер фермерлерде пайдаланылмаған отын қалдығы болса, оны өсімдіктерді күтіп-баптау мен химиялық өңдеу жұмыстарына жұмсауға құқылы. Аймақтардан түскен жалпы өтінім көлемі шамамен 800 мың тоннаны құрайды (бұл көрсеткішке астық пен майлы дақылдарды кептіруге арналған отын кірмейді). Еліміздің әр өңірінде өзіндік мұнай өңдеу зауыттары (МӨЗ) жұмыс істеп тұр. Вице-министр зауыттардың үздіксіз жұмысы егіс науқанының тоқтап қалуына жол бермейтінін айтып, шаруаларды сабырлыққа шақырды.

Шахтадағы апат: Мерт болған кеншілердің жеке басын анықтау қиынға түсуде

МАХАМБЕТТЕ «АНА ЖҮРЕГІ – ӘДІЛДІК АЙНАСЫ» АТТЫ АУДАНДЫҚ ФОРУМ ӨТТІ