Басты ақпаратЖаңалықтар

САЯБАҚҚА ЖИНАЛҒАН АУДАН ДОМБЫРАШЫЛАРЫ РУХАНИ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Ұлттық домбыра күнінде Исатайда рухани-тәрбиелік мәні бар іс-шара ұйымдастырылды. Ауданның үлкен-кіші домбырашылары орталықтағы «Қазақ елі» саябағына жиналып, ұлттық аспап – қара домбыраның қасиетін паш етер кездесу өткізді. Әдемі отырысты ардагерлер ансамблі Ахмет Жұбановтың «Би» күйімен ашты. Әрі қарай музыка мамандары күйшілік өнер, жергілікті әуесқой композиторлардың күйлерін нотаға түсіру тарихын айтса, дәстүрлі әнші Дулат Зұлхашев оқушыларымен бірге бірнеше ән орындады. Мерекелік іс-шараны әуесқой композитор, бірнеше шығарманың авторы, күйші-орындаушы Мұрат Шахуов Есбайдың «Ел айырылған» күйімен аяқтады.
Толығырақ https://fb.watch/lytiu0NKrI/

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *